Моңғолияда мал басы 78 миллионға жетті

447

Бұл туралы Мontsame агенттігі жазды.  

Моңғолияда мал басы 78 миллионға жетті Фото: gov.kz

Биыл Моңғолияда ел бойынша 17 миллион бас мал төлдеп, нәтижесінде 16,8 миллион төл алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала бағалауға сәйкес, қазіргі таңда елдегі жалпы мал басы 78 миллионға жеткен.

Өңірлер бойынша ең көп мал батыс өңірдің 5 аймағында – 13,7 миллион бас және Хангай өңірінде – 13,6 миллион бас. Ал ең аз малр елдің орталық өңір аймақтарында тіркелген, мұнда мал саны 5,5 миллион басты құрап отыр.

2025 жылдың соңында жүргізілген мал санағының қорытындысы бойынша елде 58,09 миллион бас мал тіркелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу