Мозамбик астанасында болған жол апатынан 23 адам қаза тапты

896

Мозамбик астанасында болған жол апатынан 23 адам қаза тапты

Бүгін кешкісін Мозамбик астанасы Мупутоның Кабрал өңіріне жақын маңда жеңіл автомобиль нөмірі 4 ұлттық тасжолдағы бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 23 адам қаза тапты, отызы жараланған. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Полицияның дерегі бойынша, оқиға орнында 21 адам, ауруханада екі адам көз жұмған.

"Бұл жеңіл автокөлікпен болған елдегі ең ірі жол апаты. 50 адам зардап шекті", - деп хабарлады жол қозғалысы басқармасының басшысы Пауло Ланга.

Пауло Ланга көліктің бірнеше қоршауды соққаннан кейін екпінін тоқтата алмай жаяу жүргіншілер көпірінің тірегі аралығында тоқтаған.  Полиция офицері оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз екендігін мәлім етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу