Мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істей алады – Асхат Аймағамбетов

2383

Барлық мектеп директорларына тиісті мәлімет берілген.

Мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істей алады – Асхат Аймағамбетов

Коронавирусқа қатысты мектеп оқушыларына мерзімінен бұрын демалыс жариялануына байлансты мұғалімдерге үйден жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Білім және ғылым салаларында алдын алу шаралараы қабылданды. Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығы шықты. Жалпы елімізде 7300 мектеп бар. Сол мектептердің жұмыстарын каникулға ертерек шығардық. 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникул жалғасады. Каникул кезінде мұғалімдердің мәселесі бар. Мұғалімдерге үйлерінде болып, үйлерінен қашықтықта жұмыс жасауға болады. Біз осыны ұсынып, барлық білім беру бөлімдеріне және мектеп директорларына осы ақпаратты жеткіздік", – деді министр. 

Еске салсақ, кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Ведомство басшысы әзірге төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ деп санайтынын айтқан. 

Кеше кешке коронавирус ел астанасында да тіркелді. Коронавирус жұқтырған азаматпен бірге 90 жолаушы Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Оның алтауы өзге өңірлерге кетіп қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу