"Мұғалімдер негізсіз жауапқа тартылған": министрлік Павлодар облысындағы жүкті оқушыға қатысты пікір білдірді

1514

Білім беру ұйымының қызметкерлері құқық бұзушылықтарға жол бермесе, олар тәртіптік жазаға тартылмайды.

"Мұғалімдер негізсіз жауапқа тартылған": министрлік Павлодар облысындағы жүкті оқушыға қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Еділ Оспан Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысында оқушы қыздың жүктілігі үшін сөгіс алған мектеп қызметкерлеріне қатысты жаза алынып тасталған болатын. Тілшілер тәртіптік жаза туралы шешімді қандай орган қабылдағанын сұрады. 

"Біз білім мекемесі қызметкерлерін жазалау туралы шешімнің асығыс болған деген пікірдеміз. Алдымен мәселені жан-жақты зерттеп, содан кейін ғана шешім қабылданауы тиіс. Бұл оқиғада тәртіптік жазаны белгілеу туралы шешімді білім басқармасы қабылдаған еді", - деді вице-министр.

"Енді мұғалімдер осыған ұқсас оқиғалар туралы хабарлауға қорқады деп ойламайсыздар ма?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.

"Қорықпауы қажет. Осыған дейін де атап өткенімдей, егер де жауапты қызметкер тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтар жасалған болса, бұл анықталып, тиісті шара қолданылатын болады", - деді Еділ Оспан.

Сөзінше, егер де білім саласының мамандары құқық бұзушылықтарға жол бермесе, олар жазаға да тартылмайды.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалғанын жазған болатынбыз. Бұл оқиғадан соң аудандық білім бөлімі мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланғанын жеткізді.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, істі құқық полиция тергеп жатқанын айтты. Кейіннен Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жаза алынып тасталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу