Мұхтар Мағауиннің ұлы өмірден озды

517

биыл жылдың басында қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Мұхтар Мағауин 84 жасында дүние салған еді. 

Мұхтар Мағауиннің ұлы өмірден озды Фото: бейнежазбадан

Белгілі жазушы, Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауиннің өмірден өткені туралы қаралы хабарды туған-туыстары растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Кеше жүрек талмасынан №7 қалалық ауруханада қайтыс болды. Жаназа рәсімі 25 маусым күні таңғы сағат 10:00-де марқұмның Райымбек ауылындағы үйінен шығарылады, – деді туыстары.

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, ал 1965 жылы аспирантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі болып бастап, кейін "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып жалғастырды.

1984–1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы, 1988–2006 жылдар аралығында "Жұлдыз" журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Әдебиетке 1959 жылы келді. 1960-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танымал болды. Шығармалары орыс және өзге де шетел тілдеріне аударылған. 1967 жылы филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы лауазымын да атқарған.

Оның "Аласапыран" атты тарихи роман-дилогиясы Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сонымен қатар Қазақстанның Халық жазушысы (1984), Түркияның халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының (1997), "Тарлан" (2002) және Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019) сынды бірқатар марапаттардың иегері атанған.

2006 жылдың желтоқсанында Мұхтар Мағауин Қазақстаннан Чехияға қоныс аударып, кейінгі жылдары Чехия, АҚШ және Түркияда тұрып, шығармашылық және ғылыми жұмыстармен айналысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу