Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды

2033

Сот "Қазатомөнеркәсіптің" экс-басшысының өтінішін қанағаттандырмады.

Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды

Бүгін ШҚО №2 соты Семей қалалық соты сәрсенбіде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады.

Жәкішевтің қорғаушысы сотталушының денсаулығы нашарлағанын, қан қысымы жоғары екендігін және оған үшінші топтағы мүгедектік берілгендігін алға тартып, оны шартты түрде бостандыққа жіберуді сұраған. Ол кесілген мерзімнің 10 жылын өтеді. 

Дегенмен, сот бұрынғы шешімді күшінде қалдырды. 

2010 жылы наурызда Жәкішев мемлекеттік бюджетті ысырап етіп, пара алғаны үшін айыпты деп танылған. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң тәртіпті колонияда жазасын өтеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу