Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты

2815

Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты

Бүгін Семей қалалық №2 сотында "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қаралды. Судья 11 жылын абақтыда өткізген сотталушының өтінішін қанағаттандырып, оны шартты жазамен бостандыққа жіберуге шешім шығарды.

Мұхтар Жәкішевті қолдау үшін жан-жақтан белсенділер жиналды. Ал сотталушының өзі скайп арқылы байланыста болды.

Жәкішев бұған дейін де бостандыққа шығуға өтініш берген, дегенмен сот өтінішін қанағаттандырмай келді. 10 жылдан аса абақтыда жатқан Жәкішев қазір 3-топтағы мүгедек.

Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда тұтқындалған болатын. Оған шетелде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының заңсыз өкілдігін ашып, табысты жеке игілігіне пайдаланған деген айып тағылды. Осылайша 14 жылға сотталған болатын. Ал 2012 жылы оның үстінен тағы бір іс қозғалды.

Мұхтар Жәкішев "саяси тұтқындар" тізімінде болғанымен, ол өзіне тағылған айыптармен келіскен емес. Айта кетерлігі Халықаралық ұйымдар да Қазақстан билігін оны босатуға шақырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу