Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққан сәті (видео)

3048

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты.

Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққан сәті (видео) Фото: әлеуметтік желіден

Биыл наурыздың 3-і күні Семей қалалық №2 сотында "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қаралған болатын. Судья 11 жылын абақтыда өткізген сотталушының өтінішін қанағаттандырып, оны шартты жазамен бостандыққа жіберуге шешім шығарған еді.

Мұхтар Жәкішев осылайша еркіндікке шықты. Абақты алдына жиналған оның қолдаушылары Жәкішевті қуана қарсы алды.

Еске сала кетсек, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда тұтқындалған болатын. Оған шетелде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының заңсыз өкілдігін ашып, табысты жеке игілігіне пайдаланған деген айып тағылды. Осылайша 14 жылға сотталған болатын. Ал 2012 жылы оның үстінен тағы бір іс қозғалды. Мұхтар Жәкішев "саяси тұтқындар" тізімінде болғанымен, ол өзіне тағылған айыптармен келіскен емес.

 Айта кетерлігі Халықаралық ұйымдар да Қазақстан билігін оны босатуға шақырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу