"Мұқалмас" Әлтаевтың заңсыз әрекетін әшкере қылды

1051

Осыған дейін Астана қаласының соты Нұржан Әлтаевты Президенттікке үміткер ретінде ұсыну туралы хаттаманы жарамсыз деп танығанын жазған болатынбыз.

"Мұқалмас" Әлтаевтың заңсыз әрекетін әшкере қылды Фото: inform.kz

"Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген, деп жазады inbusiness.kz.

Қоғамдық бірлестік атынан сайлауға кандидат ұсынбау дегенді көбі қолдаған. "Мұқалмас" сайлау барысында тәуелсіз байқаушы болғандықтан бейтарап қалуды жөн деп тапқан.

"Сот "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылдың 6 қазандағы №19 хаттамасын жарамсыз деп таныды. Өз талап арызымда соттың осы шешімі сол сәтте жүзеге асырылуын сұрадым. Бұл әділетті шешім деп ойлаймын", – деді "Мұқалмас" РҚБ Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы.

Видеоның толық нұсқасы:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу