Мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын - Тоқаев

433

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады.

Мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын - Тоқаев Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. "Адал азамат" тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.

Еске салайық, бұған дейін бүгін Халықаралық волонтерлар күні екенін https://inbusiness.kz/kz/last/5-zheltoksan-halykaralyk-eriktiler-kuniжазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу