Мұқтаж отбасылардың балаларына 500 мың компьютер беріледі

636

Онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысы өтеді. 

Мұқтаж отбасылардың балаларына 500 мың компьютер беріледі

Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа оқу жылына қатысты шараларды күн тәртібіне қойды.  

"Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар мен ата-аналардың және мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек", – деді Асқар Мамин.

Бұдан кейін ол үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беретінін айтты. 

"Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу