Мүлік пен жер салығы біріктіріледі

1361

2 салық бірыңғай төлеммен төленеді.

Мүлік пен жер салығы біріктіріледі

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов құжатта көппәтерлі тұрғын үйлердің иелеріне жер салығын салмау мәселесі қарастырылғанын мәлімдеді.

"Салық мөлшерлемесін есептеу және төлеу тәртібін өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылды. Құжат қабылданса 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері жер салығынан босатылады", – деді министр.

Сөз арасында ол салық төлеушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін 2020 жылғы 31 желтоқсаныннан 2021 жылғы 1 сәуірге ауыстыру ұсынылғанын айтты.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу