Мүмкіндігі шектеулі азаматтар темір жол билеттерін онлайн сатып алады

1300

Пойызға отыру және жол жүру кезінде жолаушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.  

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар темір жол билеттерін онлайн сатып алады

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 26 маусымнан бастап "BILET.RAILWAYS.KZ" сайты арқылы барлық топтағы мүгедектерге арнап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен жол жүру құжатын (билеттер) онлайн ресімдеу қызметін іске қосты.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 ж. № 545 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар, багаж, жүкбагаж бен почта жөнелтілімдерін тасымалдау" ережесінің 17-тармағына сәйкес (бұдан әрі – ереже) әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жол жүретін барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға жол жүру құжаты (билет) құнынан 50% мөлшерінде жеңілдік көзделген.

Жол жүру құжатын (билет) жеңілдікпен онлайн ресімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының билет кассасынан "Мейірім" электронды дисконт картасын (бұдан әрі – электронды карта) алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет.

Жолаушы клиенттер базасына тіркелген соң, үйден шықпай-ақ билетті онлайн түрде сатып ала алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу