Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға индустриалды сертификатты алу ісі жеңілдейді

1157

Бүгін Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасында осы мәселе төңірегінде пікірталас өтті.  

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға индустриалды сертификатты алу ісі жеңілдейді

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтарға индустриалды сертификатты алу ісі жеңілдейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Басқосу нәтижесінде мынандай тоқтамға келді.  Енді индустриалды сертификатты алуға мүгедек азамат өтініш берсе, кезексіз қаралады. Уақытты созбай небәрі 5-7 күннің ішінде табысталуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір облыс орталығында  мекемені бағалайтын салалық қауымдастықтың сарапшысы болуы тиіс.

Егер өзге қаладан келетін болса, онда оның жол шығынын мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер көтермейді. Сарапшының жұмысы арзандатылады. Сондай-ақ, олардың кәсіпорындары әдеттегі мекемелердікіндей бағаланбайды. Осының барлығына Атамекен палатасы қаржы және заңгер мамандардың тегін кеңесін беруге әзір екендігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу