Мұнай бағасы 60 долларға жақындап қалды

873

Қытайда шикізатқа деген сұраныс артып жатыр. 

Мұнай бағасы 60 долларға жақындап қалды Фото: rbc.ru

8 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы шамамен 1%-ға өсті. Эталон сұрыпты "қара алтын" баррелінің құны 60 долларға жақындады.

Вакцинациялау процесі басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болып отыр. Нарыққа тағы бір фактор оң әсерін тигізуде. Ең ірі мұнай импорттаушы саналатын Қытай елінде сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл елге баратын танкерлердің саны көбейіп, соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. 

Еске сала кетсек, Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқарта бастаған еді. Өткен айда ең ірі мұнай өндіруші саналатын бұл ел өндірісті 1,88 млн баррельге азайтып, бір күндік мұнай көлемін 9,1 млн баррелге дейін шектеген  болатын. Ақпан және наурызда бір тәулікте жер қойнауынан шығарылатын шикізат көлемі 8,1 млн баррельге дейін кемиді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу