Мұнай бағасы 61 доллардан асты

728

Соңғы рет Brent бағасының мұндай деңгейде болуы 2020 жылдың 7 қаңтарында тіркелген еді. 

Мұнай бағасы 61 доллардан асты

Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр, деп хабарлады inbusiness.kz ICE биржасына сілтеме жасап.

Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,76%-ға өсіп, 61,02 долларға жетті. 

WTI сұрыпты мұнайдың құны 0,63%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі шамамен 58,2 долларға саудаланып жатыр. 

Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр. Құжат бойынша кейбір елдер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,425 миллион баррельге қысқартуға тиіс. Оның миллионы Сауд Арабиясына жүктелген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу