Мұнай бағасы арзандап жатыр

1241

Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 64,59  доллар болды.

Мұнай бағасы арзандап жатыр

Қара алтын баррелінің құны 65 доллардан түсіп кетті. Әлемдік мұнай жеткізілімі уақытша тоқтап қалған Ливиядағы өндірістің салдарын жамап отыр. Соның салдарынан нарықтағы бағалар төмендеуде. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 0,9%-ға арзандап, 64,59  доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 41 центке көтеріліп, баррелі 58,13 долларды құрады.

Кей сарапшылардың айтуынша, Brent баррелі 70 доллар деңгейіне оралуы мүмкін. Егер де жақын арада жағдай реттелсе, бағалар төмендеуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу