Мұнай бағасы бес аптадағы өсімнен кейін арзандай бастады

398

Осылайша сәуір айының ортасынан бастап ең жоғары деңгейге жетті.

Мұнай бағасы бес аптадағы өсімнен кейін арзандай бастады Фото: inbusiness.kz

Эталондық мұнай маркаларының бағасы бесінші апта қатарындағы өсімнен кейін дүйсенбіде төмендеді. Brent барреліне 84,4 доллар деңгейінде саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы 0,36 долларға (0,45%) төмендеп, бір баррелі 80,22 доллар болды. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша ол 0,49 долларға өсіп, барреліне 80,58 долларды құрады.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 84,4 долларды құрады. Бұл өткен сессияның жабылу бағасынан 0,59 долларға төмен. Жұма күні бұл келісімшарттар 0,75 долларға қымбаттап, бір баррелі 84,99 доллар болды.

MarketWatch мәліметінше, өткен аптада Brent бағасы 4,8%-ға, WTI 4,6%-ға өскен.

Ал Trading Economics шілдеден бастап Brent бағасы 12%-ға, WTI 14% - ға өскенін хабарлады. Бұл – Сауд Арабиясы мен Ресейдегі өндіріс көлемінің төмендеуі аясында былтырғы қаңтар айынан бері есептегендегі ең жақсы айлық өсім.

ANZ Bank сарапшыларының пайымынша, алдағы уақытта макроэкономикалық деректер, соның ішінде АҚШ-тағы ЖІӨ-нің өсуі қара алтын бағасының өсуіне ықпалын тигізбек.

Айта кетейік, сарапшылар Brent маркалы мұнай келер жылы қымбаттайтынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу