Мұнай бағасы екі күнге созылған құлдыраудан кейін тұрақтады

642

Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің баррелі 58.69 доллар болды.

Мұнай бағасы екі күнге созылған құлдыраудан кейін тұрақтады

Әлемдік экономикадағы ахуал мен АҚШ пен Қытай тараптарының әлі де толыққанды мәмілеге келмеуі шикізат нарығының оңалуына кедергі келтіріп отыр. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, қазір мұнай өндірісі артып жатқанымен, келесі жылы ОПЕК пен басқа өндірушілер сұраныс болжамы төмендеуінің салдарына тап келуі мүмкін. Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры да әлемдегі ірі экономикалар өсімінің азайғанын айтып отыр.  

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі небәрі 0.1%-ға  төмендеп, баррелі 58.69 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 14 центке арзандап, барреліне 52.95  долларды құрады

"Мұнай нарығы қазіргі жағдайдан барынша шығуға ұмтылып жатыр", – дейді PVM Oil Associates аналитигі Стивен Бреннок.

Әлемдік шикізат өндірісі ұзаққа созылып кеткен Бейжің мен Вашингтон сауда текетіресіне тікелей тәуелді. Қытай тарапы 50 миллиард доллар тұратын ауыл шаруашылығы өнімін америкалықтардан сатып алмас бұрын АҚШ-қа салынған баж салығының күшін жоюға ниет білдіріп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу