Мұнай бағасы көтеріліп келеді – Трамп

526

АҚШ президенті шикізат нарығындағы жағдай туралы пікірімен бөлісті.

Мұнай бағасы көтеріліп келеді – Трамп

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың айтуынша, Сауд Арабиясы өндірісті тағы да қысқартқаннан кейін, мұнай құны қымбаттаған. Өзінің Твиттердегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады.

"Сауд Арабиясы бір күнде өндірілетін мұнай көлемін азайтты, сондықтан шикізат бағасы артты. Біздегі мұнай компаниялардың қазіргі жағдайы жақсы. АҚШ-тағы мұнай бағасы өте төмен деңгейде сақталып отыр", – деді Трамп.

Бұған дейін Трамп пен Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел-Әзиз әл Сауд энергетика нарығындағы тұрақтылық мәселесін талқылаған болатын. 11 мамырда корольдік, Кувейт және БАӘ бір күнде жер қойнауынан шығарылатын "қара алтын" көлемін шамамен 1,8 млн баррельге азайтты. Одан бұрын ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін шамамен 9 млн баррельге қысқартып еді. Дегенмен бірқатар сарапшылар картельдің бастамасын сынға алып, нарықты тұрақтандыру үшін бұл шешімнің жеткіліксіз екенін айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: gulfnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу