Мұнай бағасы күрт құлдырап кетті

638

Brent сұрыпты мұнай баррелі 56,84 доллар болды.

Мұнай бағасы күрт құлдырап кетті

Шикізат құны 3 ақпаннан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Бұған эпидемияның соңғы екі күнде күрт дендеп кетуі түрткі болған. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың сәуірдегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2,8%-ға арзандап, баррелі 56,84 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 2,7%-ға төмендеп, баррелі 51,95 долларды құрады.

Алпауыт елдер мен ірі қаржы орталықтарының айтуынша, әлемдік экономикадағы жағдай әлі де сақталуы мүмкін. Халықаралық валюта қорының өкілдері Қытайдың ЖІӨ 6%-дан 5,6%-ға қысқарады деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу