Мұнай бағасы күрт төмендеді

1278

Brent сұрыпты мұнай баррелі 5,17%-ға түсіп, 78 доллар болды.   

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Ботсвана, Оңтүстік Африка Республикасы және Гонконгта табылған  B.1.1.529 жаңа штамы таралуда деген ақпарат жарияланғаннан кейін мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 5,17%-ға түсіп, 78 доллар болды. WTI құны 6,46%-ға арзандап, бір баррелі қазір 73,41 долларға саудаланып жатыр. 

Инвесторлар жаңа штамның таралуы экономикалық өсімді баяулатып, жаңа локдаунға әкеліп соғуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Мысалы, Үндістан мен Сингапур елдері шекараны бақылауды қатаңдатты.

Шикізат бағасына АҚШ, Қытай, Үндістан және Жапония елдерінің шикізат құнын төмендету үшін стратегиялық мұнай қорларын пайдалану жоспары да әсер етуде. ОПЕК+ елдері өндірісті ұлғайтудан бас тарту жағын қарастырып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу