Мұнай бағасы сәл көтерілді

1318

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі баррелі 57,75 доллар болды.  

Мұнай бағасы сәл көтерілді

Жаңа коронавирус кесірінен пайда болған мұнай өндірісіндегі іркілісті ресейлік шикізат өндірушілеріне салынған америкалық санкциялар тоқтатты. АҚШ Ресейдің "Роснефть" компаниясының бөліміне Венесуэла президенті Николас Мадуромен қарым-қатынас орнатқаны үшін санкция жариялады. Бұл шектеу мамырдың 20-ында күшін жояды. 
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 8 центке көтеріліп, баррелі 57,75 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстерінің баррелі 52,05 доллар болды.
Price Futures Group аналитигі Фил Флиннің айтуынша, бұл санкциялар нарық бағаларын тұрақтандырмақ. Сонымен қатар ол Ресейдің энергия саудасында есе жібергісі келмейтінін айтты. Ескере кететін жайт, жыл басынан бері мұнай құны жаңа коронавирус эпидемиясына байланысты 15%-ға күрт арзандап кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу