Мұнай бағасы сәл қымбаттады

1136

Brent сұрыпты мұнай құны 56,83 болды.

Мұнай бағасы сәл қымбаттады

Соңғы жеті аптадаығ ең төменгі деңгейге жеткен шикізат құны көтерілді. Дегенмен қазір инвесторлар коронавирустан әлем экономикасына қаншалықты зиян келетінін және оның зардабын әлі де анықтап жатыр. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың сәуірдегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,9%-ға қымбаттап, баррелі 56,83 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстерінің құны 0,9%-ға көтеріліп, баррелі 51,88 долларды құрады.

Эпидемия тек Қытайға қауіп төндіріп отыр және оның салдары әлемдік экономиканы бәсеңдетпейді деген болжамдар шикізат нарығына оң әсерін тигізуде. Дегенмен соңғы кездері бағалардың күрт төмендеуі ОПЕК пен оның серіктестерін мұнай нарығындағы ахуалды реттеуге итермелеуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу