Мұнай бағасы сәл төмендеді

1060

Апта басында дельта штамының таралуы әлемдік экономиканың қалпына келуін бәсеңдетеді деген болжам жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы түсті. 

Мұнай бағасы сәл төмендеді

Эталон сұрыпты мұнай бағасы 23 шілдеде аздап төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,3%-ға арзандап, 73,57 доллар болды. WTI баррелінің бағасы 0,31%-ға төмендеп, бір баррелі қазір 71,69 долларға саудаланып жатыр. 

ОПЕК+ тамыз бен желтоқсан айлары аралығында ай сайын бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 400 000 баррельге арттыру туралы шешім қабылдағаннан кейін, сұраныс ұсыныстан көбірек болады. Аптаның басында дельта штамының таралуы әлемдік экономиканың қалпына келуін бәсеңдетеді деген болжам жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы төмендеді.

"Сұраныс бірқалыпты. ОПЕК+ альянсының өндірісті 400 000 баррельге арттыруы нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін жеткіліксіз. Қорлар АҚШ-пен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы елдерде де қысқаруда", – деп жазылған ANZ Research сарапшыларының жазбасында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу