Мұнай бағасы шарықтап кетті

791

Суэц каналындағы оқиға "қара алтынның" қымбаттауына себеп болды.

Мұнай бағасы шарықтап кетті Фото: inbusiness.kz

Қайраңға кеме килігіп, салдарынан Суэц каналы толықтай жабылғаннан кейін, мұнай бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Каналда 13 миллион баррель мұнай тиелген кемінде он танкер кептеліп қалған.Олар қайраңға килігіп, канал арқылы байланыстың тоқтауына әкеліп соққан. Нақтырақ айтқанда, Ever Given деп аталатын контейнер кемесі тұрып қалғаннан кейін, артынан кептеліс пайда болған. Шамамен жүз кеме діттеген жеріне жете алмай, қозғалысты тоқтатқан. 

Evergreen Line компаниясының мәліметіне сүйенсек, апатқа кенеттен соққан жел себеп болған. Осы оқиғадан кейін шикізат құны 5%-ға қымбаттаған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу