Мұнай бағасы соңғы алты аптадағы ең төменгі деңгейге жетті

1346

Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 64,34 доллар болды.   

Мұнай бағасы соңғы алты аптадағы ең төменгі деңгейге жетті

Бұған америкалық мұнай қорының көбеюі себеп.Нақтырақ айтқанда, оның мөлшері өткен аптада 1,1 млн баррельге көтерілген. Бұл тенденция екі апта қатарынан жалғасуда, ал оған дейін шикізат қоры үш апта бойы қысқарған болатын. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 15 центке арзандап, 64,34 доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 16 центке төмендеп, баррелі 58,07 долларды құрады

Айта кететін жайт, нарыққа Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісімі де әсер етіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ Қытайға салынған баж салығының күшін жоймай, сол күйі қалдырды. Егер Бейжің сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты міндеттемелерді орындаса, салық мөлшерінің төмендетілуі ықтимал. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу