Мұнай бағасы соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті

670

Brent сұрыпты мұнай баррелі 64,66 доллар болды.

Мұнай бағасы соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті

Бұған АҚШ пен Қытай тараптарының сауда келісіміне келуі түрткі. Шикізат нарығына оң әсерін тигізіп отырған тағы бір фактор бар. Ол – ОПЕК+ мүшелерінің мұнай өндірісі көлемін қысқарту туралы ортақ мәміле жасауы. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,7% қымбаттап, баррелі 64,66 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 06%-ға көтеріліп, баррелі 59,51 долларды құрады.

Келісім бойынша, Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуы керек. Шарттар келісілді, бірақ құжат әлі де пысықталып жатыр.  

AxiTrader сарапшысы Стивен Иннестің айтуынша, келісімнің бірінші кезеңі әлі де мұнай бағасының шарықтауына түрткі бола алмай отыр екен. Вашингтон мен Бейжіңнің ендігі келіссөздері қашан жалғасатыны ресми түрде әзірге жарияланбады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу