Мұнай бағасы түсіп кетті

661

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1 %-ға төмендеп, баррелі 59,93 доллар болды. 

Мұнай бағасы түсіп кетті

Бұған дейін АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері нәтижесінде әлемдік нарықтағы жағдай сәл тұрақталып, шикізат бағасы өскен еді. Қос тарап осы жылдың соңына дейін бірқатар кездесу өткізіп, ортақ мәмілеге келуді көздеп отыр.

Айта кететін жайт, 11 қыркүйекте Қызыл теңізде ирандық танкерлерге шабуыл жасалып, "қара алтын" бағасы өскен болатын. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1 %-ға төмендеп, баррелі 59,93 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,9 %-ға қымбаттап, барреліне 54,19 долларды құрады

SEB AB қаржы компаниясының шикізаттық тауарлар жөніндегі аналитигі Бьярне Шилдроптың айтуынша, алдағы айларда және келесі жылы мұнай нарығындағы баға төмендей бермек. Сондай-ақ ол ирандық танкерге жасалған шабуыл төңірегіндегі жағдай реттеліп келе жатқанын айтып, Вашингтон мен Бейжің арасындағы келіссөздердің нәтижелігі айтарлықтай ауқымды болмағанын атап өтті.  

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Сауд Арабиясының Джидда деп аталатын порттық қаласы маңында ирандық танкерге шабуыл жасалып, салдарынан ол жарылған болатын . Ресми дерек бойынша, кеме Иранның Ұлттық мұнай компаниясына тиесілі. Жарылыс салдарынан танкерге зақым келіп, мұнай Қызыл теңізге құйылған, деп хабарлады  ISNA агенттігі.

Табиғат Нұрболат
Мұнай, мұнай нарығы, Сауд Арабиясы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу