Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 29 центке қымбаттап, баррелі 64,01 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 13 центке көтеріліп, барреліне 58,89 долларды құрады.
Қазір Қытай билігі Дональд Трамп Бейжіңге салған баж салығының күшін жояды деп күтіп отыр. Бірақ әзірге Вашингтон бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Айта кету керек, қытайлық тауарларға салынған баж салығының көлемі 160 млрд доллар шамасында.
Табиғат Нұрболат