Мұнай қымбаттап, ал алтын мен күміс арзандай бастады

316

Сарапшылар мұнай котировкаларының нығаюын әлемдік нарықтағы сақталып отырған геосаяси белгісіздікпен байланыстырады. 

Мұнай қымбаттап, ал алтын мен күміс арзандай бастады Фото: ЖИ

29 маусымдағы кешкі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 1,5%-ға артып, барреліне 73,07 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, америкалық WTI мұнайы да қымбаттады. Оның тамыз айындағы фьючерстері шамамен 2%-ға өсіп, барреліне 70,61 долларды құрады.

Әлемдік мұнай бағасы күрт көтерілуден кейін қайтадан төмендеп жатыр. 29 маусымдағы таңертеңгі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 0,95%-ға өсіп, барреліне 73,29 долларды құрағанымен, өткен аптадағы ең жоғары көрсеткіштерден айтарлықтай төмен деңгейде қалды.

Сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, күн ішінде Brent бағасы барреліне 72,58-ден 73,61 долларға дейінгі аралықта құбылды. Соңғы аптада мұнай 5,48%-ға, ал бір айда 20,4%-ға арзандады.

Инвесторлардың тәуекелді активтерге деген қызығушылығының артуы аясында бағалы металдардың бағасы төмендеді.

Алтынның тамыз айындағы фьючерсі 1,64%-ға арзандап, бір трой унциясы үшін 4030,9 долларды құрады. Күмістің шілде айындағы келісімшарттарының құны да 1,62%-ға төмендеп, унциясына 58,71 долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу