Мұнай мен алтын қымбаттап жатыр

1087

Шикізаттың қымбаттауына Құрама Штаттардағы экономиканы ынталандыру шарасы септігін тигізді.

Мұнай мен алтын қымбаттап жатыр

Эталон сұрыпты мұнай мен бағалы металдар қымбаттады. Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,45%-ға көтеріліп, 51,49 доллар болды. WTI фьючерстері 0,65%-ға қымбаттап, қазір оның бір баррелі 48,31 долларға саудаланып жатыр. 

Алтын фьючерстерінің бағасы 0,23%-ға өсіп, троя унциясы 1,887 долларға жетті. Күмістікі 0,87%-ға көтеріліп, троя унциясы 26,435 доллар болды. 

Мұнайдың қымбаттауына Құрама Штаттардағы экономиканы ынталандыру шарасы септігін тигізді. 27 желтоқсанда Трамп экономиканы ынталандыру және мемлекеттік шығыстар туралы заң жобасына қол қойған болатын. Экономиканы қолдауға арналған қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталмақ. 

Табиғат Нұрболат

Фото: glas.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу