Мұнай таситын көлік аударылып, жүргізушісі көз жұмды

951

10 тонна мұнай 60 шаршы метр аумаққа жайылған.

Мұнай таситын көлік аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға аудандағы Шиелі-Тайқоңыр автожолының бойында орын алған. Мұнай таситын "КамАЗ" жүргізушісі көлікті басқара алмай, шұңқырға аударылған. Соның салдарынан 10 тонна мұнай 60 шаршы метр аумаққа жайылған. Алайда өрт оқиғасы тіркелген жоқ.

"Жүргізуші апат кезінде қайтыс болды. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының  бас маманы Айгүл Нұрманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу