Мұнайдың қымбат болуы табиғатты қорғауға көмектеседі – IEA

873

АҚШ жүргізушілерін бензин бағасының күрт өсуі алаңдатып отыр. 

Мұнайдың қымбат болуы табиғатты қорғауға көмектеседі – IEA

Халықаралық энергетика агенттігі (IEA) мұнайдың қымбаттауының салдары қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz агенттіктің мәлімдемесіне сілтеме жасап.Ұйымның болжамына сенсек, шикізат бағасының көтерілуі зиянды шығарындылардың қоршаған ортаға аз бөлінуіне септігін тигізіп, бірақ кедей елдердің пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіруіне кедергі келтіреді. Бірақ электромобильді пайдаланудың тиімділігі жүргізушілердің бензинмен жүретін көліктерден тезірек бас тартуына түрткі болмақ.  

АҚШ жүргізушілерін бензин бағасының күрт өсуі алаңдатып отыр. 12 шілдеде галлон құны 3,14 доллар болды. Сарапшылар болса, галлон бағасы 5 долларға дейін өседі деп топшылап отыр. 

Ұйымның пікірінше, шикізат бағасының жоғары болуы дамушы елдер экономикасының қалпына келуін тежеуі мүмкін. Өйткені Азия мен Африканың көптеген елдерінде жаңартылатын энергияға көшу үшін қаржылық немесе техникалық мүмкіндіктер жоқ. Олар жалғыз табыс көзі болып есептелетін мұнайға тәуелді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу