Мұрат Бектанов 15 жылға сотталуы мүмкін

912

Биыл 22 ақпаннан бері экс-басшы қамауда отыр.

Мұрат Бектанов 15 жылға сотталуы мүмкін

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 19 ақпаннан бастап Қорғаныс экс-министрі Мұрат Бектановқа қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп келеді, күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 451-бабы 3-бөлігі ("Билікті асыра пайдалану") бойынша қарастырылып жатыр", - деп жазылған Бас прокуратураның ресми жауабында.

Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Бас прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Биыл 19 қаңтарда Мұрат Бектанов қорғаныс министрі қызметінен босатылған, ал ақпанда ол қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу