Мұрат Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралуда

455

Сондай-ақ, "Қаңтар оқиғасына" байланысты  29 құқық қорғау және арнаулы орган қызметкері күдікті деп танылды. 

Мұрат Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралуда Фото: ulysmedia.kz

Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, "Қаңтар оқиғасы: тергеу барысы" туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның дерегінше Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының, ҰҚК департаменттерінің экс басшылары, Алматы облысы полиция департаменті мен Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде.

"Қазіргі уақытта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралуда. Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша Полиция органдарының 8 қызметкеріне қатысты 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. Барлығы 29 құқық қорғау және арнаулы орган қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Оның 8-і сотта, 20-сы бойынша сот материалдарымен таныстыру жүргізілуде және біреуі бойынша тергеу жалғасуда", деді Елдос Қилымжанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу