Мұрат Жөребеков Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды

763

ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.  

Мұрат Жөребеков Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.
  • Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО" компаниясында, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС-да жұмыс істеді.
  • 2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.
  • 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу