Мьянма халқы бір апта аза тұтады

441

Бұл күндері елдің мемлекеттік туы төмен түсіріледі. 

Мьянма халқы бір апта аза тұтады Фото: РИА Новости

Мьянма премьер-министрі Мин Аун Лайн жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығын ұлттық аза тұту деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыздан 6 сәуірге дейінгі аралық ұлттық аза тұту деп белгіленді", - делінген хабарламада.

28 наурызда ел аумағында жойқын жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 7,9 балл болған. Жер сілкінісі көршілес Таиланд еліне де әсер етті, Қытай мен Вьетнамда жер асты дүмпулері сезілді.

Апаттың салдарын жоюға халықаралық қауымдастық өзінің көмек қолын созып жатыр. БҰҰ Мьянмаға 5 миллион доллар бөлген.

Айта кету керек, осыған дейін Мьянмадағы жер сілкінісі 2 мың адамның өмірін жалмағанын жазғанбыз. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу