Мьянма мемлекеттік әкімшілік кеңесі тағы да статистикалық деректерді жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Соңғы мәліметтен зілзала салдарынан 4715 адам зардап шеккенін, 341 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін байқауға болады.
2025 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Мьянмада 66 афтершок тіркеліп отыр. Оның магнитудасы 2,8-ден 7,5 шамасында болған.
Еске салайық, 28 наурызда жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 баллға жеткен еді.
29 наурызда Мьянмадағы жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1000-нан асқаны хабарланды.
30 наурызда елде қуаты 5,1 балдық тағы бір жер сілкінісі болды.
Кейіннен Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі айтылды және халқының бір апта бойы аза тұтатыны хабарланды.
31 наурызда Мьянмадағы жер сілкінісінен 2 мың адам көз жұмғаны айтылған еді.