Мырзағали Айтжанов құрамадағы допинг дауына қатысты пікір білдірді

1146

Тыйым салынған препараттар адам ағзасында кейде бір жылға дейін болады. 

Мырзағали Айтжанов құрамадағы допинг дауына қатысты пікір білдірді Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен боксшылар – Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікке қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz  sportpress.kz порталына сілтеме жасап.

"Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен  Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған", - деді Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкердің айтуынша, бұл жағдай ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған кезде болған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген.

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамадағы бүгінгі ахуалға тоқталды.

"Біз қазір бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз, ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады", - деді ұлттық құрамасының бас бапкері.

Айта кету керек, осыған дейін еліміздің екі боксшысы допингке байланысты спорттан шеттетілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу