Мысырда екі пойыз соқтығысып, 32 адам қаза тапты

1018

Мысырда  екі жолаушы пойызы соқтығысып, салдарынан 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мысырда  екі пойыз соқтығысып, 32 адам қаза тапты

Ал, жараланғандар саны 70-ке жуық. Қайғылы оқиға ел астанасы Каир қаласынан оңтүстікке қарай, Соқаг провинциясында болды. Үш вагон жарамсыз күйге түскен.  Елдің Денсаулық сақтау министрлігі апат орнына 36 жедел жәрдем көлігі жіберілгенін жариялады.  Олар зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіп жатыр. Мысырдың Бас прокуратурасы апатты тергеу амалдарын бастады, ал екі пойыздың машинистері қамауға алынған. Апат салдарынан елдің оңтүстік бағытқа қатынайтын пойыздар қозғалысы толық тоқтатылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Мұны анықтауды еліміздің Сыртқы істер министрлігі қолға алғандарын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу