Мысырда құлаған үй астынан 3 адамның денесі табылды

448

Египеттің солтүстігіндегі Александрия қаласындағы 13 қабатты ғимараттың құлауынан кем дегенде үш адам қайтыс болды.

Мысырда құлаған үй астынан 3 адамның денесі табылды Фото: Daily mail

Бұл туралы Sada El-Balad телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Телеарна хабарлауынша, қайғылы оқиғадан бір тәулікке жуық уақыт өткен соң үшінші құрбанның денесі табылды. Құтқарушылар іздеуді жалғастыруда, өйткені үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Құлаудың себебі үйдің бірінші және соңғы қабаттарындағы құрылыс жұмыстарының ережеге қайшы жүргізілуі. Тұрғындардың бірі бірнеше қабырғаларды өз қалауынша бұзған, ал екіншісі жасырын түрде қосымша қабат тұрғызып алған. Тұрғындар бірнеше рет әкімшілікке осы бойынша шағымданған, бірақ жергілікті биліктен жауап ала алмаған.

26 маусымда Мысырдың Александрия қаласының Монтаза ауданында 13 қабатты ғимарат құлады. Ел прокуратурасы төтенше жағдайды тергеуді бастады, үй иесі ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу