Апат кезінде жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік соқтығысып, олардың бір бөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ahram.org.eg. сайтына сілтеме жасай отырып.
Жараланғандардың 53-і Вади-эль-Натрун күндізгі хирургиялық ауруханасында, ал жетеуі Батыс Эль-Нобарияның орталық ауруханасында емделіп жатыр, делінген хабарламада. Қалған үшеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, деп қосты Мысырдың Денсаулық сақтау және халық министрлігі.
Қаза тапқандардың отбасылары Әлеуметтік ынтымақтастық министрлігі мен Насердің әлеуметтік банкінен өтемақы алады, делінген министрліктің мәлімдемесінде. Мемлекет зардап шеккендерге олардың қажеттіліктері мен жарақаттарының ауырлығына байланысты қаржылық көмек көрсетпек.