Мысырдағы апатқа пойыз жүргізушілерінің ұрыс-керісі себеп болған

754

Каирдің теміржол вокзалында болған өрттен 25 адам қаза тауып, 50 тұрғын жарақат алды. 

Мысырдағы апатқа пойыз жүргізушілерінің ұрыс-керісі себеп болған

Каирдің теміржол вокзалында локомотивтің апатқа ұшырауына екі тепловоз жүргізушісінің ұрыс-керісі себеп болған. Бұл туралы осы елдің бас прокуроры Набиль Садек мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.  

Оның айтуынша, апаттан бұрын локомотивтің жүргізушісі жолын бөгеген екінші тепловоздың жүргізушісімен сөйлесуге далаға шығады. Осы кезде құрам қозғалып, басқарусыз қалған локомотивті қаққан. Содан локомотив перронға соғылып, өртке оранған. Салдарынан 25 адам қаза тауып, 50 тұрғын жарақат алды.

Жүргізуші ұсталды. Елдің көлік министрі отстакаға кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу