Мысырдағы белгісіз ауру денге безгегі болуы мүмкін

507

Ауру белгілері байқалған ауылдар тексеріліп,  ауыз су сынамалары алынды.

Мысырдағы белгісіз ауру денге безгегі болуы мүмкін Фото: Аргументы и факты

Осыдан бірер күн бұрын Мысырда тұрғындар белгісіз ауруға шалдыққанын хабарлаған болатынбыз. 

Мысырдың Денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігі белгісіз ауруды денге безгегіне ұқсатып отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Денге безгегі – адамға инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұқпайды.

Вирус көбіне тропикалық және субтропикалық елдерде таралады. 

Ауру дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, дененің ауыруы, жүрек айнуы түрінде біліне бастайды, әйтсе де көп жағдайда ауру симптомсыз өтеді және науқастың жағдайы 1-2 аптадан кейін жақсарады.

"Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы тіркелді", - делінген ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында.

Қазақстан азаматтарын безгек ауруынан сақтау үшін елге кірген кезде әуежайда, теміржол вокзалдарында және автомобиль пункттерінде санитариялық-карантиндік пунктте науқастарды уақтылы анықтау және медициналық көмек көрсету мақсатында дене температурасын қашықтықтан өлшеу арқылы келгендерге мониторинг жүргізілетін болады.

Эндемиялық елдерде болған кезде инфекцияны жұқтырмау үшін ҚР ДСМ СЭБК мынандай кеңестер береді:

- масалардың шағуына қарсы құралдарды қолданыңыз;

- терезелер мен есіктерді жабыңыз;

- аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу