Нақты қай салалардың қызметкерлері жұмыссыз қалды?

904

Қазақстанда жұмысшылар саны азайып жатыр.  

Нақты қай салалардың қызметкерлері жұмыссыз қалды?

Осы тұста LS ақпарат агенттігіндегі әріптестеріміз қызметкерлерін қысқартқан салалардың тізімін жасады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Сарапшылар статистика комитеті жариялаған жалдамалы жұмысшылардың санына қатысты мәліметтерге сүйенген. Алайда мемлекеттік орган шағын кәсіпорындарды ескермеген көрінеді.  Сонымен, сандарға сәйкес, осы жылдың II тоқсанында қызметкерлердің жалпы саны 3,5 миллионнан асқан. бұл – I тоқсанға қарағанда 1,9 пайызға аз көрсеткіш. Табысынан айырылғандардың көбі тамақтану қызметтерін ұсынатын салаларда еңбек еткен екен. Сондай-ақ жұмыссыз қалғандар көтерме және бөлшек сауда мен ойын-сауықтық әрі демалысты ұйымдастыратын компанияда қызмет атқарған. Ал ауыл, балық және орман шаруашылықтарында, керісінше, 15% өсім байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу