NASA астронавттары ғарышқа 8 күнге барып, 9 айдан соң Жерге оралды

Олар техникалық ақауларға байланысты ғарышта осынша уақыт болған.  

NASA астронавттары ғарышқа 8 күнге барып, 9 айдан соң Жерге оралды Фото: www.sb.by

Қос сынақшы астронавттың ұзаққа созылған миссиясы бүкіл әлемнің назарын аударып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) екі астронавты Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) тоғыз айдан астам уақыт өткізіп, енді ғана Жерге қайтып келеді.

Бутч Уилмор мен Сунита Уильямс SpaceX капсуласының бортында тағы екі астронавтпен бірге сапарға шыққан. 

Капсула сейсенбі күні таңертең ХҒС-тан ажырап, егер күн райы қолайлы болса, Солтүстік Американың шығыс уақыты бойынша кешке қарай Флорида жағалауына қонуы тиіс.

Уилмор мен Уильямс ХҒС-та небәрі сегіз күн болуы тиіс еді, алайда оларды жеткізген эксперименттік ғарыш кемесінің техникалық ақауына байланысты олардың миссиясы тоғыз айдан астам уақытқа созылған. Ал олардың Starliner кемесі Жерге бос қайтты. 

Уилмор мен Уильямс NASA астронавты Ник Хейгпен және қыркүйекте SpaceX-тің төрт орындық кемесімен ХҒС-қа аттанған ресейлік Александр Горбуновпен бірге оралуда. 

– Біз сіздерді сағынатын боламыз. Қайтып оралу сәтті болсын! – деді NASA өкілі Энн Макклейн капсула Жерге бағыт алған сәтте.

Қос сынақшы астронавттың ұзаққа созылған миссиясы бүкіл әлемнің назарын аударып отыр, тіпті бұл "жұмыс орнында қалып қою" деген тіркеске жаңа мағына берген. 

Ғарышкерлер арасында бұдан да ұзақ миссияларды орындағандар бар болып шықты. Десе де, ешкім мұндай белгісіздікке тап болмаған әрі мерзімі осыншалықты ұзармапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу