Науқасқа жету үшін боранда 36 шақырым жүгірген құтқарушылар марапатталды

386

Оларға Төтенше жағдайлар министрлігің төсбелгілері мен алғыс хаттары табысталды.  

Науқасқа жету үшін боранда 36 шақырым жүгірген құтқарушылар марапатталды Фото: Облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ақпанның ақтүтек боранында 18 шақырым жердегі Басшилі ауылына жетулері тиіс болған. Қарға адым жерді көру мүмкін болмағандықтан олар кезектесіп, көлік алдына түсіп, жүгіріп отырған. Елді сүйсінткен құтқарушылардың бұл әрекетті ескерусіз қалмады.

Облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов 6-10 ақпан күндері аралығында өз жұмысын адал атқарып, науқастарға, жолда қалған адамдарға көмектескен бір топ қызметкерге министрліктің марапатын табыстады. Хромтау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Алмағамбетов, Облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметі, № 6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Мейрамбек Доспаев, "Жедел-құтқару жасағы" РММ бас құтқарушысы Айқын Оңалбаевтар "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісін тақты. 

Төтенше жағдайлар қызметінің тағы 9 қызметкері ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасына ие болды. Олардың қатарында өрт сөндіру автокөліктерін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы, жүргізуші-қызметкері, өрт сөндіруші-құтқарушылар бар. № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Аманжол Жалғасов, № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Әлімбек Төребеков, № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Асылхан Қанатбаев, № 8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Нұрболат Тәжіғұлов, "Жедел-құтқару жасағы" РММ бас құтқарушысы Ғалымбек Әбдіжәмілов министрліктің алғыс хатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу