Наурыз айында 8 200-ден астам алтын құйма сатылды

629

2022 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 167,2 кг 8 269 құйма сатты, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (салмағы 48,2 кг 2 898 құйма), деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Наурыз айында 8 200-ден астам алтын құйма сатылды

Сатылымның ұлғаюына алтынға инвестиция құюға қызығушылығы артқан халықтың сұранысы ықпал етіп отыр. Себебі қаржы нарығындағы белгісіздік пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған шақта көпшілік бұған жинақтарының сақталуын қамтамасыз етудің баламалы құралы ретінде қарайды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 87 531 алтын құйма сатылды.   

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады (5, 10, 20, 50 және 100 г). Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 23 390 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие, 18 178 дана (21%), 100 грамдық құймадан 18 034 дана (20%), 5 грамдық құймадан 16 834 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 095 дана (13%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу