Наурыз айында қанша күн демаламыз

3347

Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді.

Наурыз айында қанша күн демаламыз

Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы электронды үкімет сайтына сілтемемен 24.kz хабарлайды.

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн ­­— сенбі мен жексенбіде демалады.

Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу